№ 9 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ЕСЕНҚҰЛОВ ЖАНДОС ОРАЗӘЛІҰЛЫ

ҮМІТКЕРДІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

Есенқұлов Жандос Оразәліұлы, 1989 жылы 25 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласына қарасты Теміржолшы ауылында дүниеге келген.

Отбасылы. 2012 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде екі қыз бен үш ұл тәрбиелеп отырған өнегелі отбасының отағасы.

Білім жолын 1996 жылы №15 Теміржолшы бастауыш мектебінен бастаған. Кейін Ж. Тәшенов атындағы орта мектепте және Отырар ауданындағы Жамбыл атындағы орта мектепте білім алған.

2005–2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алып, кәсіби біліктілігін шыңдады.

2008–2011 жылдары Академиялық инновациялық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары білім алды. 2013–2015 жылдары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығын меңгерді. Ал 2018–2021 жылдары аталған оқу орнында «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша білім алып, аграрлық саладағы кәсіби даярлығын толықтырды.

Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде экономист көмекшісі болып бастаған.

2012 жылы Арыс қаласындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы жасағында кіші қызметкер болып еңбек етті. 2012–2015 жылдары «Қазагромаркетинг» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Арыс қаласындағы ауылдық ақпараттық-кеңес беру орталығында кеңесші қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, кәсіпкерлік саласында тәжірибе жинақтады. 2016–2018 жылдары «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-де рұқсат құжаттарын алу бойынша қызмет көрсету менеджері болды.

2018–2019 жылдары Арыс қаласындағы «Ай Арыс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы қызметін атқарды. 2019 жылы «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-де рұқсат құжаттары жөніндегі маман болып жұмыс істеді. Сол жылы «Селекция орталығы» ЖШС-де оператор қызметін де атқарды.

2020–2023 жылдары «ҚазАгроОазис» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы болды. Сонымен қатар 2020–2023 жылдары отандық және импорттық тектік қордағы құйрықты өнімділік бағытындағы әркелкі жүнді қой тұқымдарының Республикалық палатасында бөлім басшысы қызметін атқарды. 2022–2023 жылдары «Қызыл дат» тұқымының Республикалық палатасының директоры болды.

2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің Арыс қалалық бөлімін басқарып келеді.

Кәсіби еңбек жолында экономика, қаржы, құқық, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларында мол тәжірибе жинақтаған. Жергілікті кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы саласын қолдау, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағыттарында еңбек етіп келеді.

Кандидаттың ұстанымы – жинақтаған білімі мен тәжірибесін туған қаласының дамуына жұмсап, тұрғындардың талап-тілегін шешуге атсалысу. Оның басты қағидаты – айтылған сөз нақты іспен және нәтижемен дәлелденуі тиіс.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ, АДАМИ КАПИТАЛ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

 Шынайы қамқорлық: Әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың өкілдері қағазбастылық әбігерге түспеуі тиіс. Олардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау – басты назарымда.

Балалар мен жастардың болашағы: Балабақшалар мен мектептердің сапалы білім беруіне, жасанды интеллект пен робототехниканы дамытуға, спортты қолдауға, есірткі мен лудоманияның алдын алуға ықпал ету.

Ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтар:Салт-дәстүржәне ұлттық өнерді дәріптеуге, өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға қолдау көрсету.

Сапалы медицина: Әрбір тұрғын дәрігердің қабылдауына кедергісіз жазылып, алғашқы медициналық көмекті өз елді мекенінде уақытылы алуын қамтамасыз ету мақсатым.

  1. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Мемлекеттік қолдау механизмдері: Кәсіпкерлер мен аграрлық сектор өкілдеріне гранттар, жеңілдетілген несиелер, субсидиялар және рұқсат құжаттарын рәсімдеу процесінде құқықтық сүйемелдеу көрсету;

Бюрократияға тосқауыл: Өз кәсібін бастағысы келетін азаматтарға, шаруаларға кедергі болатын артық қағазбастылық пен әкімшілік бөгеттерді жою межелі бағытым.

Дермене брендін қайта нарыққа қосу: Дерменедегі дәрілік шөптер өсіру мен өңдеу өндірісін қайта жандандыру.

Агросекторды қолдау: Мал, балық және егін шаруашылықтарын дамытуға, тамшылатып және жаңбырлатып су үнемдеу технологияларын енгізуге, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей нарыққа шығаруға ықпал ету.

Жайылым мәселесі: Дермене, Теміржолшы, Орманды және №40 разъезд елді мекендері тұрғындарының мал жаюына арналған жайылымдық жерлердің аумағын ұлғайтуға ықпал ету.

  1. САПАЛЫ ЖОЛ, ГАЗ, СУЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Дермене – Қаражантақ, Саналыға күре жолы: Тұрғындар үшін маңызды Дермене– Қаражантақ, Саналыға күре жолын асфальттау жобасын бюджеттік жоспарлаудың алдыңғы кезегіне қойғызуға пәрменді ықпал етемін.

Дермене – Теміржолшыавтокөлік көпірі: Арыс өзені арқылы автокөлік өтетін көпір құрылысының қаржыландырылуына қол жеткізуге барынша күш саламын.

Инженерлік коммуникациялар: Тұрғындарды ауызсумен, табиғи газбен, электр энергиясы, ғаламтор желісі, заманауи кәріз жүйелері және жолмен қамту мәселелерін шешу – инфрақұрылымды дамытудың басым бағыты болады.

Қауіпсіздік және жайлылық: Тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін көше жарығы мен бейнебақылау орнатуды, сондай-ақ қоғамдық көлік қатынасын реттеу кезек күттірмес талап.

  1. ТАЗА ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПӘРМЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК

Коммуналдық гигиена және санитарлық бақылау: Қоқыс тасымалдау жүйесін оңтайландыру және заңсыз қоқыс полигондарының пайда болу себептерін жүйелі түрде жою жолдарын қолға алу.

Су арналарын тазарту және көгалдандыру: Арыс өзені мен суару арналарының механикаландырылған тазалаудан өткізуді және елді мекендерде саябақ пен жасыл аймақтарға айналдыру жобаларын жүзеге асыруды бағдарлау.

  1. АШЫҚ БЮДЖЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ

Бюджеттік қаржыны тиімді пайдалану мен сапа мониторингі:

Жергілікті бюджет қаражатының бөлінуі, мақсатты жұмсалуы мен игерілуіне депутаттық бақылау орнату. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік құрылыс жобаларының сапасыз орындалуына немесе мерзімдерінің негізсіз созылуына жол бермеу.

Азаматтық диалог және жүйелі есептілік:Сайлаушылармен екіжақты тығыз әрі ашық диалог орнату арқылы –өңірдегі әрбір оң өзгерістерді ортақ жауапкершілігіміз бен бірлескен іс-әрекетіміздің нәтижесі ету. Тұрақты негізде азаматтарды қабылдаудың және өтініштердің орындалуын бақылау. Бөлінген қаржының нәтижесі мен атқарылған істердің есебі үнемі қоғамдық назарда болады.

Жарияланым ақысы №9 сайлау округі бойынша Арыс қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Есенқұлов Жандостың бюджеттік сайлау қорынан төленді. 

Ұқсас жаңалықтар

 ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «SAUMAL DE LUX» ТУРИСТІК-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

berdaly_oraz

Созақ ауданында қазақ күресінен ерлер арасында ел чемпионаты өтті