АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ ӨТТІ

Арыс қаласында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында мемлекеттік қызмет алушылар күні ұйымдастырылды.

Іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Арыс қалалық бөлімінде өтті. Жиын Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тұрғын үй мәселелері және мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Мамандар азаматтардың өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті жауаптар берді.

Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

Айта кетейік, мемлекеттік қызмет алушылармен тікелей жүздесу тұрғындардың мәселелерін уақытылы анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда еліміздегі алғашқы супервизия үйлестіру орталығы ашылды

berdaly_oraz

Ақтөбеде көші-қон заңын бұзғандар анықталды: заңсыз жүрген шетелдіктер жауапқа тартылды

Redaktor Arysinfo

Шымкентте 1-сынып оқушысы құрылыс шұңқырына құлап мерт болды

Альфия Адамбек