ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ – ТУҒАН ҚАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Арыс қаласында қоршаған ортаны қорғау, абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бүгін шаһарда «Таза қала – жасыл қала» ұранымен жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Экологиялық акция аясында қала аумағындағы барлық секторда мекеме қызметкерлері мен түрлі ұжым өкілдері өздеріне бекітілген аумақтарға шығып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, көшелер мен қоғамдық орындардағы ағаштар түгенделіп, олардың түптері әктелді. Бұл жұмыстар жасыл желектерді күтіп-баптауға ғана емес, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және эстетикалық келбетін қалыптастыруға бағытталған.

Жалпықалалық шараның басты мақсаты – қала тазалығын сақтау, жасыл желектерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның көркін арттыру және тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті нығайту. Өйткені таза әрі көрікті қала қалыптастыру тек коммуналдық мекемелердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті.

Айта кетейік, тазалық жұмыстарына қажетті әк материалдарын «Khazakh Real Stroy» мекемесі қамтамасыз етті. Бұл – туған қаланың тазалығы мен көркеюіне бағытталған ортақ іске кәсіпкерлердің де қолдау білдіріп отырғанының көрінісі.

Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Қала тазалығын сақтау, ағаштарды күтіп-баптау және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле бермек.

Туған қаланың тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әрбір тұрғын мен кәсіпкер өзіне тиесілі аумақтың тазалығына мән беріп, жасыл желекке жанашырлық танытса, Арыстың ажары артып, экологиялық мәдениеті жоғары қалаға айналары сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

«Стоп-кредит»: атыңызға несие рәсімделуінен қалай қорғануға болады?

Redaktor Arysinfo

Сарыағашта 19 жастағы мүгедек жігітті айуандықпен өлтірген күдікті қамауға алынды

berdaly_oraz

Түркістан: Сауран ауданында 3,1 млрд теңгенің жобасына меморандум жасалды

berdaly_oraz