АРЫСТЫҚ СПОРТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Арыс қаласының тумасы Нұрсұлтан Сапаров қол күресінен халықаралық чемпионатта Қазақстанның намысын қорғау үшін Оңтүстік Корея Республикасына аттанып барады.

Жерлесіміз 2026 жылғы 28 қарашада Сеул қаласында өтетін VII «Silvis Classic» халықаралық чемпионатында бақ сынайды. Байрақты бәсекеде ол өз шеберлігін көрсетіп, әлемнің үздік спортшыларымен күш сынаспақ.

Нұрсұлтан бұған дейін де бірқатар халықаралық жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Енді спортшы кезекті халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғауды мақсат етіп отыр.

Арыс жұртшылығы жерлес спортшының бұл сапарынан үлкен үміт күтеді. Нұрсұлтанға сәттілік тілейміз! Көк байрағымызды биікте желбіретіп, жеңіспен оралуына тілектеспіз!

Ұқсас жаңалықтар

«Turan Cup-2025» халықаралық футбол додасы мәреге жетті

Қазақ балуаны әлем чемпионын финалда сүріндірді

Redaktor Arysinfo

Арыстық спортшылар Ташкенттегі Әлем кубогында бір алтын,қола және екі күміспен оралды

berdaly_oraz