МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы, «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 8 -11 сынып оқушыларымен  профилактикалық жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді, деп хабарлайды Arysinfo тілшісі.

Түсіндірме жұмысын Арыс АПБ ЖПҚ Отбасылық, -тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция капитаны Сасаев Қанат жүргізді. Полиция білім алушыларға зорлық — зомбылық туралы мағлұматтар беріп, оның адам жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндірді.

Олар зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтып, толеранттылық туралы мағлұмат берді. Жастарды жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

«Ақша бермесең, арам өлесің»: Медицинадағы парақорлық – өмір мен өлім арасындағы сауда ма?

berdaly_oraz

Шымкентте студенттер есірткімен ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды

berdaly_oraz

Шымкентте есірткіні жасырын орналастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды