Шымкенттегі «Кәусар» кафесіндегі өрт оқшауланды: штаб құрылып, арнайы техника жұмылдырылды

Шымкенттегі «Кәусар» кафесіндегі өрт оқшауланды: штаб құрылып, арнайы техника жұмылдырылды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы О.Жәнібеков көшесінде орналасқан «Кәусар» кафесінде орын алған өрт оқшауланды. Қазіргі уақытта өртті толықтай сөндіру және салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, екі жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге 16 арнайы техника және жеке құрамның 64 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар жоғары дайындық деңгейінде жұмыс істеп, өрттің басқа ғимараттарға таралуына жол бермеді.

Өрт шыққан кезде кафе ішінде келушілер болмаған. Кафе әкімшілігі мен қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан шығып үлгерген.

Қазіргі уақытта өрттің нақты неден шыққаны анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, өрт асхана бөлімінде басталған. Алайда, электр желісіндегі ақау немесе газ құрылғыларының істен шығуы да себеп болуы мүмкін.

Өрттің толықтай сөндірілгені туралы ресми ақпарат әлі түскен жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Алдағы уақытта мамандар өрттің себебін анықтап, алдын алу шараларын ұсынбақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Түркістандық хирургтер науқастардың алғысына бөленуде

berdaly_oraz

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: Қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Redaktor Arysinfo