Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойып, елде Атом энергиясы жөніндегі агенттік құру туралы шешім қабылдады.

Жаңа агенттікке Энергетика министрлігінің бірқатар өкілеттіктері беріледі. Ол уран өндіру, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмысын ұйымдастыру салаларында қызмет атқарады.

Агенттік Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган мәртебесіне ие болады. Бұл оның стратегиялық маңызын арттырып, саланы тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда мақта мен сүт кластері дамиды: жаңа инвестициялық жобалар іске асырылмақ

berdaly_oraz

Облыстық сот ұжымы аудандық соттың судьяларын отставкаға шығарып салды

berdaly_oraz

073/е медициналық анықтамасы енді eGov Mobile-да қолжетімді

berdaly_oraz

Пікір жазу