Азаттықтың жабылуын қолдайтындар тәуелсіз журналистикадан қорқады – Қалима Тәжіқұл

Сурет:Бақ.кз

Журналист Қалима Тәжіқұл «Азаттық радиосының» жабылуына қолдау білдіретіндер шын мәнінде тәуелсіз журналистикадан қорқатындар деген пікір білдірді.

Осыған байланысты журналист Жұлдыз Әбділдә де қоғамдастыққа маңызды сұрақтар қойды:

  • «Азаттық» болмаса, Шыңжаңдағы қуғын-сүргін естен шықпас па еді?
  • «Азаттық» болмаса, Орталық Азиядан кеткен мигранттардың ахуалын кім жазар еді?
  • «Азаттық» болмаса, Қаңтар оқиғасының құрбандары туралы кім сөз қозғап жатыр?
  • «Азаттық» болмаса, Қарақалпақ белсенділерінің жанайқайын кім жеткізеді?
  • «Азаттық» болмаса, шахтадағы апаттар мен жәбірленушілердің арыз-шағымын кім көтереді?

Бұл сұрақтар тәуелсіз БАҚ-тың қоғамдағы рөлі мен маңызын айқындайды. «Азаттық» секілді басылымдардың жабылуы – ақпарат алу еркіндігіне соққы екені анық.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНА ЖАҚЫН МАҢДАҒЫ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНА ДРОНДАР ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН

Альфия Адамбек

Өңірде ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасалуда

ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫН АЛДЫ: ТҮРКІСТАНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАҢА СЕРПІН

Redaktor Arysinfo