Түркістан облысында 25 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

Түркістан облысында полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған және айыппұлын төлемеген жүргізушілерді анықтау шарасын жүргізді. «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары жолаушылар тасымалдайтын және жеңіл көлік жүргізушілеріне ережелерді түсіндіріп, жадынама таратты.Бұны Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Бір күн ішінде 264 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде:

  • 47 жүргізуші көлік айдап келе жатып телефон қолданған;
  • 75 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған;
  • 42 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.

Сонымен қатар, «Қорғау» бағдарламасы арқылы 25 көлік айыптұраққа қойылды. Мысалы, бір жүргізушінің 100 мың теңгеден астам айыппұлы бар екені анықталып, көлігі тәркіленді.

Полиция жолдағы қауіпсіздікті сақтау үшін осындай рейдтердің жалғасатынын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАРИЯСЫН ҚАДІРЛЕГЕН АРЫС: АРДАГЕРЛЕРГЕ АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

МҰРАЖАЙДА МҰРА КӨП

Redaktor Arysinfo

Жастарға жалған жылтырақ емес, шынайы құндылық керек

Redaktor Arysinfo