Ақтөбеде полицей танысын байқаусызда атып жіберді

Ақтөбеде полиция қызметкері қызметтік қарудан танысына оқ атты. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Оқиға 25 наурызға қараған түні болған. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, құқық қорғау органы қызметкері қауіпсіздік ережелерін бұзып, абайсызда қызметтік қарудан оқ атқан.

«Нәтижесінде оның танысы жарақат алды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 371-бабы («Салғырттық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Полиция қызметкері қызметтік міндетінен уақытша шеттетілді, ал тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз өткізді

berdaly_oraz

Түркістан өңіріндегі колледждерде 9 жаңа мамандық ашылады

Полиция мен тұрғын 3 жасар баланы құтқарып қалды

Пікір жазу