Шымкенттік балуан Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтуде, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық грек-рим күресінің балуандары 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында шымкенттік Әлімхан Сыздықов аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанды.

Еске салайық, Ә.Сыздықов Ирак, Өзбекстан балуандарын жеңіп, финалға шыққан еді. Шешуші сәтте Иран елінің өкіліне ұпай санымен есе жіберді. Осылайша шымкенттік балуан Азия чемпионатында кезекті рет күміс жүлдені еншіледі. Бұған дейін грек-рим күресінің балуаны алтын, күміс жүлделерді ел қоржынына салған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды

berdaly_oraz

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС ӨҢІРІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Шымкенттің бұрынғы судьясы алаяқтық үшін сотталды

berdaly_oraz