Монтайтастық келіншек Ақдала ауылдық Мәдениет үйінде өткен «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқауынан 1-орын иеленді

Монтайтастық келіншек Ақдала ауылдық Мәдениет үйінде өткен «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқауынан 1-орын иеленді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Арыс қалалық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 27 наурыз күні Ақдала ауылдық Мәдениет үйінде жеңге мен қайынсіңлі арасындағы сыйластықты арттырып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге арналған «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқауы өтті.

Бес ауылдық округтен келген келіндер мен қыздар бірнеше кезең бойынша сынға түсті.Атап айтқанда:
«Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі» – қазақтың әдет-ғұрпына арналған сахналық қойылым;
«Шеберлікке шек жоқ» – қолөнер, ісмерлік қабілетті таныту;
«Өнер – өшпес мұра» – қатысушылардың шығармашылық қабілетін көрсету;
«Орамалым – алтын тәжім» – орамал тағу мәдениетін дәріптеу.

Сайыс нәтижесінде Монтайтас ауылдық округінен келген Ақпанбетова Динара мен Әзімбайқызы Аяжан ерекше өнер көрсетіп, I орынды иеленді.

Сурет: Монтайтас ауылдық округінен келген Ақпанбетова Динара мен Әзімбайқызы Аяжан

Бұл байқау ұлттық тәрбиені, отбасы институтын, қазақ әйелінің шеберлігі мен парасатын, сондай-ақ өнер мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттайтын маңызды шара. Осындай бастамалар қазақ халқының мәдениетін сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұлттық құндылық – халықтың жаны. Оны дәріптеу – болашаққа жол ашу!

Ұқсас жаңалықтар

«Үсті-басы су болып,үйге әрең жетті» Монтайтастық тұрғын көшеде иесіз жүрген иттің 11 жасар қызын тістей жаздағанын айтып,шағымданды

berdaly_oraz

Арыста рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастағандар жазалануда

berdaly_oraz

Ордабасыда заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының фестивалі өтті

Пікір жазу