АРЫСТА БАЛАЛАР КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Арыс қаласындағы Теміржолшылар саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарлама мәдениет үйі өнерпаздарының концертінен басталып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында балалар асфальтқа сурет салып, спорттық сайыстар мен түрлі ойындарға қатысты. Сонымен қатар, өнерлі өрендер ән айтып, би билеп өз қабілеттерін көпшілікке көрсетті. Мерекеге қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов пен қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Тәңірберген Әсіл қатысып, балаларға ізгі тілектерін жеткізді.

Сайыстарда үздік нәтиже көрсеткен балалар марапатталып, алғыс хаттарға ие болды. Қайырымды кәсіпкерлер тарапынан тәтті сыйлықтар таратылып, мереке сәні артты. Іс-шара соңында балалардың шат күлкісі мен қуанышы күннің басты көрінісіне айналды.

Ұқсас жаңалықтар

ПАРАСАТ ПЕН ПОЭЗИЯ ҮНДЕСКЕН КЕШ

Альфия Адамбек

Түркістан облысында жол құрылысына неміс технологиясы енгізілуі мүмкін

berdaly_oraz

Түркістанда 3069 түлек мектеп бітірді

berdaly_oraz