Өңір жаңалығы: Жетісайда машина техникалық станциясы ашылды

Жетісайда машина техникалық станциясы ашылды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, егістік алқаптардың шығынын азайту және агросекторды заманауи үлгідегі техникалармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында машина техникалық станциясын (МТС) ашу тапсырмасы Жетісай ауданында да жүзеге асып отыр. Бұл бағытта «Мақталы Жер» ЖШС-не мемлекет тарапынан 470 млн. теңге жеңілдетілген несие берілген. Жылдық үстемесі 5 пайызды құрайтын несиеге кәсіпкер 36 дана ауыл шаруашылығына қажетті заманауи түрлі техникалар мен агрегаттарды сатып алған.

Айта кету керек, Сержан Тастанбековтың басшылығындағы серіктестікте бұған дейін де ауыл шаруашылығы саласына қажетті 52 дана түрлі техникалар мен агрегаттар болған.

Аудан әкімі Серік Мамытов Мақталы ауылдық округінде орналасқан аталмыш станцияда болып, техникаларды көрді. Ондағы көрсетілетін қызметтердің барысымен танысты.

Өз кезегінде «Мақталы Жер» ЖШС мамандары заманауи техникалардың көмегімен сынақтан өткен тәсілдерді көрсетіп, ғалымдардың нұсқаулықтарын ұғындыруды, қажет болған жағдайда дихандарға жұмыс істеу ережелерін үйретуге дайын екендіктерін айтады.

Ұқсас жаңалықтар

Балаларға тегін ота жасау туралы заң қарастырылып жатыр

berdaly_oraz

Мәжіліс инновациялық қызметті қолдауға бағытталған заң жобасын қарайтынын мәлімдеді

Арыстық ұстаз “Алтын тұғыр” олимпиадасында жүлдегер атанды

berdaly_oraz

Пікір жазу