Тоқаев пен Словения президенті келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Қазақстан-Словения серіктестігін тереңдетуге септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

“Словениямен тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Бұл – анық. Президент ретінде өзара мүддемізге сай келетін барлық саладағы байланысты нығайтуға күш-жігерімді саламын. Біз Словенияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі және өте маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің бизнес өкілдеріне және үкіметіңізге бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз”, – деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай елінде Түркістан облысының мәдениет күндері өтті

Жетісайда екі ай бұрын із-түссіз жоғалған әйелдің денесі көршісінің ауласынан табылды

berdaly_oraz

«IQanat» олимпиадасына Түркістан облысынан 18 мыңнан астам оқушы қатысты

berdaly_oraz