Нұралхан Көшеров маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлармен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында аймаққа инвестиция салу, өндірістік әлеуетін көтеру жөнінде келіссөз жүргізілді. Облыс әкімі инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

“Сіздерді Түркістан облысында қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық, туристік әлеуетке ие. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Аймақтың агроөнеркәсіптік кешені елімізде көш бастап тұр. Республикадағы жалпы өнім көлемінің 13 %-ы өңірге тиеселі немесе 1 трлн. теңгеден астам қаржының өнімі өндіріледі. Өңірде индустриалды аймақтар және арнайы экономикалық аймақ бар. Онда инвесторларға жеңілдіктерді ұсынылады. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз” – деді Нұралхан Көшеров.

Инвесторлар Түркістан облысындағы инвестициялық мүмкіндіктер мен қолдауларға ризашылықтарын білдірді. Ауыл шаурашылығы, терең өңдеу салалары бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді. Ауыл шаруашылығы қызметтерін ұсынумен және астық саудасымен айналысатын компания биыл өңірде жобаларын бастауды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

НЕКЕНІ ТІРКЕУДІ САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ

АРЫС: МҰРАЖАЙДАН САПЕРЛЫҚ БАТАЛЬОНҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Маңғыстау облысында 15 жастағы оқушы мектепке бармауы салдарынан ата-анасына айыппұл салынды

berdaly_oraz

Пікір жазу