Шымкентте вандализмге төзімді SOS батырмалары іске қосылды

Азаматтардың полициямен жедел байланысқа шығуына мүмкіндік беретін дабыл түймелер жүйесі қаланың халық көп шоғырланатын орындарында орнатылған, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Құрылғы арқылы бірден полиция департаментінің жедел басқару орталығымен аудио және бейне байланыс қосылады.

Әр SOS батырмасы камера, микрофон және динамикпен жабдықталған, бұл операторға қоңырау шалушыны көруге, естуге және полиция наряды келгенге дейін қажетті нұсқаулықтар беруге мүмкіндік береді. Дабыл түскен бойда ЖБО инспекторы жақын маңдағы патрульдік жасақты немесе учаскелік полицейді оқиға орнына жібереді.

SOS батырмалары көп адам жиналатын қоғамдық орындарға орнатылып, қылмыстың алдын алу және қауіпсіздікті күшейту мақсатын көздейді. Айта өтсек, бұл құрылғылар вандализмге төзімді етіп жасалған.

Жақын арада қала аумағында қосымша 50 құрылғы орнату жоспарлануда. Бұл төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ҚҰҚЫҚ БҰЗУ-ТРЕНД ЕМЕС» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды

Redaktor Arysinfo