Өңір жаңалығы: Бәйдібек ауданында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

Бүгін Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекеніне кіреберіс Шаян – Екпінді бағытының жол бойында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған бұл шара экологиялық ахуалды жақсартуға және ауданды көркейтуге бағытталған. Жол бойындағы белгіленген аумақ арнайы қоршалып, тұя, терек, үйеңкі және басқа ағаштардың 1 300 түбі отырғызылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасып, жалпы 5 500 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Аталған шараға Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов арнайы қатысып, алғашқы көшеттерді отырғызуға атсалысты. Көгалдандыру жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, аудан тұрғындарын табиғатты аялауға, жасыл желекті күтіп-баптауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Президентке медициналық өнімдер өндірісі таныстырылды

berdaly_oraz

АЛМАТЫ: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысында 100-ден астам суару каналы жөнделмек

Пікір жазу