Елімізде 7 сәуірден бастап көлікті сақтандыру бағасы жаңа ережемен есептеледі

7 сәуірден бастап көлік иелері үшін сақтандыру тарифтері өзгермек. Жаңа жүйе бойынша автосақтандыру бағасы жүргізушінің тәртібіне тікелей байланысты болмақ.

Жол ережесін жиі бұзатындар мен апатқа себепкер болғандар үшін сақтандыру құны айтарлықтай қымбаттайды. Ал тәртіпті жүргізушілерге жеңілдіктер қарастырылған. Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық жолдағы тәртіпті күшейтіп, көлік иелерін жауапкершілікке үйретуге бағытталған.

Сонымен, автосақтандыру бағасы қандай жағдайда өседі? Егер жүргізуші жыл ішінде бірнеше рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлесе немесе жол-көлік оқиғасына себепкер болса, сақтандыру полисінің құны еселенуі мүмкін. Ал ережені сақтап, жолда абай болғандар үшін керісінше жеңілдік қарастырылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев Төтенше жағдайлар министрімен кездесті

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Қазығұртта «AL-FARABI»интеллектуалды ойыны өтті

Түркістан облысында қауіпті қылмыскер ұсталды

Пікір жазу