Skills.enbek.kz платформасы арқылы 3 мыңнан астам адам білімін жетілдірді

Биыл Шымкентте 2 700 адамды skills.enbek.kz платформасы арқылы сұранысқа ие дағдылар бойынша оқыту жоспарланған болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш асып, 3 090 адам сертификат алды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

skills.enbek.kz – кез келген азаматқа тегін онлайн курстар арқылы жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін платформа. Бұл әсіресе жұмыссыз азаматтар мен кәсіби біліктілігін арттырғысы келетіндер үшін үлкен көмек. Платформаға тіркеліп, қажетті курсты таңдау жеткілікті.

Онлайн курстар түрлі салаларды қамтиды. Ауыл шаруашылығы – жылыжайда лимон өсіру, балық және асыл тұқымды мал шаруашылығы, үй құстарын өсіру, саңырауқұлақ өсіру. Қызмет көрсету – аспаздық, сусындар дайындау, визаж, менеджмент және басқа да мамандықтар.

Платформадағы қазақ және орыс тілдеріндегі бейнесабақтарды өз саласында табысқа жеткен кәсіпкерлер әзірлеген. Оқу материалдары тегін және ақылы форматта ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Исабеков дүниеден өтті

berdaly_oraz

Өңір жаңалықтары: Сайрамда «Заң мен тәртіп» атты форум өтті

Альфия Адамбек

Облыстық сот ұжымы аудандық соттың судьяларын отставкаға шығарып салды

berdaly_oraz

Пікір жазу