Түркістанда «II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» симпозиумы басталды

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» симпозиумы басталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Келелі кездесуге Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі арнайы қатысып, зиялы қауым өкілдері, қоғам мен мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер талқы алаңында бас қосты.

Симпозиумның басты мақсаты – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың өзекті мәселелерін анықтау, талқылау, жасанды интеллект жүйесін пайдалана отырып, қазақ тілінің терминологиясын дамыту жолындағы заманауи үдерістер мен қолданыстарын саралау.

Ауқымды шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, Түркістан облысының әкімдігі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және «Bilig» Түрік әлемі әлеуметтік ғылымдар журналы, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен өтуде.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНДА «JAS DRIVE – ЖАСТАР ҚАРҚЫНЫ» СПОРТТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

berdaly_oraz

“Мен дайынмын!” — Асу Алмабаев UFC жеңісінен кейін октагонда жар салды

Redaktor Arysinfo

Түркістанда жаңа медициналық туризм орталығы мен заманауи сауда-ойын-сауық кешені салынады

Redaktor Arysinfo