Шымкентте мас күйдегі жасөспірімдер пойыз вагонына мінуге ұмтылды

Шымкент теміржол вокзалында үш жасөспірімнің өмірге қауіпті әрекеті тіркелді. Олар мас күйінде «Атырау – Алматы» бағытындағы №42 жолаушылар пойызы жүре бастағанда, соңғы вагонға жармасып мінуге тырысқан.

Вокзал кезекшісі Мейірбек Керімбеков бұл жағдайды дер кезінде байқап, станция қызметкерлері мен желілік полицияға хабар берді. Теміржолшылар мен құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында жасөспірімдер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір олардың жеке тұлғалары анықталып, оқиғаның мән-жайы зерттелуде.

Оқиға салдарынан пойыз бес минутқа кешігіп, қозғалысын сағат 01:28-де қайта жалғастырды.

Теміржол көлігіне сыртынан жармасу, әсіресе мас күйде, адам өміріне аса қауіпті екенін есте сақтау маңызды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жолаушылар тек арнайы жабдықталған платформалардан ғана пойызға мінуі тиіс, ал техникалық аялдамалар кезінде вагоннан шығуға тыйым салынған.

Теміржол қызметкерлері ата-аналардан балаларымен қауіпсіздік шараларын талқылауды сұрайды. Егер қандай да бір құқықбұзушылық байқалса, дереу теміржол қызметкерлеріне немесе полицияға хабарлау қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өмір қымбатсың маған» семинар-тренингі өтті

berdaly_oraz

Алматыда қоқыстан әйелдің бөлшектелген денесі табылып,күдікті ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан облысында мопедін тіркемеген 29 жүргізуші жауапқа тартылды

Пікір жазу