Түркістанда шегірткеге қарсы күрес күшейтіліп, өңірде жедел әрекет жоспары іске қосылды

Түркістан облысында шегірткелердің көктемгі белсенділігіне байланысты зиянкестерге қарсы ауқымды шаралар басталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданында өткен жедел штаб отырысында мәлімдеді. Ол нақты тапсырмалар беріп, жауапты мамандардың есебін тыңдады.

Мамандардың айтуынша, күннің жылынуымен бірге шегіртке дернәсілдері оянып, егістік алқаптарға қауіп төндіруде. Қазіргі уақытта Арыс қаласындағы Қожатоғай, Ақдала, Монтайтас және Дермене ауыл округтеріне 22 жұмысшы топ жіберілсе, Сарыағаш ауданындағы бірнеше елдімекенде 15 топ, ал Келес ауданында 17 арнайы жасақталған топ зиянкестерге қарсы күреске жұмылдырылған.

Жергілікті билік техникамен толық жабдықталған: Арыс аумағында – 46, Келесте – 26, Сарыағашта – 13 арнайы техника егіс алқаптарын химиялық өңдеуден өткізуде. Сонымен қатар, қосымша бүріккіш құрылғылар мен зиянкестер ошақтарын анықтайтын зерттеушілер саны да арттырылып отыр.

«Бекітілген кестеден ауытқымай, зиянкестермен күресті үздіксіз жалғастыру қажет. Әр ауданға жауапты мамандар тікелей бақылауда болады. Мен өзім күн сайын бекітілген аймақтарды аралап, орындалған жұмысты тексеріп отырамын», – деді Нұрбол Тұрашбеков.

Мамандардың айтуынша, бұл кезең – шегірткемен күресте шешуші сәт. Сондықтан да әрекет шұғыл, үйлесімді әрі нәтижелі болуға тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында қаруды қабылдап алу акциясы басталды

Түркістан облысында ер адам сарайында есірткі жасырып ұстағаны анықталды

berdaly_oraz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды – ота 4 сағатқа созылды

berdaly_oraz

Пікір жазу