Тоқаев Израиль мемлекеті кнессетінің төрағасын қабылдады

Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды.

Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды.

Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта серіктестік орнатуға әзір екенін растады.

Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Redaktor Arysinfo

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады

Redaktor Arysinfo

Түркістандықтардың мұң-мұқтажы тыңдалды