Президенттің кеңесшісі түркістандық дін өкілдерімен кездесті

Түркістанда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен дін өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Басқосу Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында көтерілген дін саласына қатысты өзекті мәселелер мен ұлттық құндылықтарды сақтау жайын талқылауға арналды.

Кездесуге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, ғылым докторы Досай Кенжетай, Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов және Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов қатысты. Олар дін мен руханияттың, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтардың ел бірлігі мен тұрақтылығындағы рөліне тоқталып, тұшымды ойларымен бөлісті.

Мәлік Нұржанұлы өз сөзінде Ұлттық құрылтайда айтылған өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, діни алауыздық пен арандатушылыққа жол бермеу қажеттігін қадап айтты. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақты сақтау, заң мен тәртіпке бағыну, рухани тұтастық пен ұрпақ тәрбиесіне басымдық беру жайында өз көзқарасын білдірді.

Жиын еркін пікір алмасу алаңына айналып, дін саласын дамыту мен қоғамның рухани келбетін қалыптастыру бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӨНДІРЕТІН 4 ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

berdaly_oraz

Түркістанда Конституциялық реформаны қолдауға арналған ерекше мурал ашылды

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз, 54 үшем дүниеге келді

Redaktor Arysinfo