Мәжіліс бірінші оқылымда Салық кодексін мақұлдады

Парламент Мәжілісінің депутаттары жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

94 депутаттың 76-сі қолдады, 7-еуі қарсылық танытты. 10 депутат қалыс қалды.

Нәтижесінде үкімет жаңа Салық кодексінің жобасында ҚҚС шегі 40 млн теңге деп белгіленді. Кейбір салалар ҚҚС төлеуден босатылды. Әлеуметтік және денсаулық сақтау саласында үкімет ҚҚС-тан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін анықтайды. Тек ақылы медициналық қызметтерге салық салынады.

Әлеуметтік салада корпоративтік табыс салығы кезең – кезеңімен енгізіледі. 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.

2025 жылдың 20 ақпанында үкімет мәжілістің қарауына мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және салық жүйесін реформалауға байланысты жаңа ұсыныстар енгізді. Онда қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20000 АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3800 АЕК-ке (15 млн теңге) дейін төмендету, жекелеген салалар үшін ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін арттыру туралы ұсыныс болды. Дегенмен, жоба бойынша жұмыс барысында депутаттар қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін кем дегенде екі есеге арттыруды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Сауранда агросекторда егістік алқаптары ұлғайып, жаңа технологиялар енгізілуде

Альфия Адамбек

Ирина Смирноваға қатысты қоғамдағы наразылық: Мәжілісте зейнет жасындағы депутат не істеп отыр?

berdaly_oraz

Өңір жаңалықтары: Келесте зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда

Пікір жазу