Шерзат Полаттың өлімі: сотта айтылған маңызды жайттар

Бүгін Талдықорған сотында Шерзат Полаттың өліміне қартысты сот басталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Істі Алматы облысының соты қарап жатқанымен, алдын ала сот тыңдауы Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратында өтті. Сот ашық түрде, 12:00-де өтті. Істі судья Ержан Жанұзақов жүргізеді.

Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. 40 сараптама, 200-ге жуық куәгер жауабы және 8 видео тіркелген.

Прокурор Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар күдіктілердің аты-жөнін атады:

• Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы

• Сакиев Равил Магомедович

• Белғожаев Шыңғыс Айдосұлы

• Азкентай Дархан Байылханұлы

• Тоқтаубаев Нұрбол Мұратбекұлы

• Ілиясов Нұрқияс Төлекбекұлы

• Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы

• Қалиахмет Дидар Еркінұлы

• Ысқақ Думан Қайдарұлы

Шерзат Полаттың қазасы бойынша келесі сот отырысы 17 сәуірде өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Мақтааралда “Толағай” жазғы сауықтыру лагерінің құрылысы тексерілді

berdaly_oraz

Шымкенттегі «Көктем» базары жаңа сауда орталығына көшеді

berdaly_oraz

Пікір жазу