Арыста тегін көшет таратылады: тұрғындар өз ағашын отырғыза алады

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш көшеттері тегін таратылып, тұрғындарға туған қаласын көгалдандыруға мүмкіндік беріледі.

Ертең, 11 сәуір күні Әл-Фараби алаңында өтетін «Өз ағашыңды отырғыз» шарасында қараағаш, үйеңкі және шаған секілді көшеттер тегін ұсынылады. Шара сағат 11:00-де басталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көшеттер “Жасыл Арыс” мекемесінің тұқымбағында арнайы өсіріліп, өңір климатына бейімделген. Бұл бастама қала аумағын көгалдандырумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруды көздейді.

— Көшетті тек алып қана қоймай, оны күтіп-баптау да маңызды. Әрбір азамат өзінің еккен ағашына жауапкершілікпен қараса, Арыс та жасыл желекке оранады, — дейді ұйымдастырушылар.

Экологиялық шараны қала әкімдігі мен «Жасыл Арыс» мекемесі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Белсенді тұрғындар мен еріктілер қатысатын шараға кез келген қала тұрғыны келе алады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды

ТҮРКІСТАННЫҢ БАС ҚАҚПАСЫНДА ТАЙҚАЗАННЫҢ АЙБЫНДЫ МАКЕТІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Қазақстанда тағы бір демалыс күні пайда болуы мүмкін

Redaktor Arysinfo