Арыс маңында шегірткеге қарсы күрес қарқын алды

Арыс қаласының Қожатоғай аумағында шегірткеге қарсы ауқымды шаралар қолға алынды. Таңғы сағат 6:00-ден бастап мамандар алқаптарды зиянкестерден қорғау үшін дәрілеу жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыс тобының құрамында еліміздің әр өңірінен келген мамандар бар. Солардың бірі – Қостанай облысы, Амангелді ауданынан арнайы шақыртылған Жандос Саттаров. Ол таң ата жұмысқа кірісіп, тіпті далада жылжымалы палаткаларда түнейді.

“Бұл – еріккеннің емес, ел үшін еңбек еткеннің ісі”, – дейді ол.

Мамандар егістік пен жайылым жерлерді түгел қамту үшін кешке дейін жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, зиянкестердің таралуына жол бермеу мақсатында барлық шаралар қолға алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Сөгіс естіген көлік министрлігі ішкі тексеріс жұмыстарын жүргізеді

Альфия Адамбек

Шымкентте қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылған

Альфия Адамбек

Ертең Түркістан төрінде президент Тоқаев пен Бердімұхамедов маңызды кездесу өткізеді

berdaly_oraz