Шымкент тұрғыны бөтеннің көлігін ағаш пен тас лақтырып бүлдіргені үшін айыппұл арқалады

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық бұзушы Ж.-ға қатысты ӘҚБтК-ның 147-1 бабының 1-бөлігімен (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Ж. 2025 жылдың наурыз айында Шымкент қаласы Шапағат-2 мөлтек ауданында орналасқан үйдің ауласында азамат С.-ға тиесілі маркасы «Hyundai Elantra» автокөлігіне ағаш пен тас лақтырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген.

Сот отырысында Ж. кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады. Сотта Ж. кінәсі, оның өз кінәсін мойындап берген жауаптарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен т.б. дәлелденеді.

Сот Ж.-ның әрекетінде құқық бұзушылық жасаған фактісі өз дәлелін тапты деп есептеп, оның жауаптылықты жеңілдететін мән-жай оның кінәсін мойындағанын, өкінетінін, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталмағанын ескеріп, оған 196 600 теңге айыппұл жазасын тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

Redaktor Arysinfo

Ұлттық домбыра күні — мәдениет пен руханияттың ұлы мейрамы

Өңір жаңалығы: Жетісайдағы арық-атыздар мен коллекторлардың жағдайына талдау жасалды