Өңір жаңалықтары: Сауранда 600 адам ауқымды тазалық шарасын өткізді

Сауран ауданында көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Ауқымды шара Түркістан – Кентау автомобиль жолының бойында, атап айтқанда Оранғай және Иассы ауылдық округтерінің аумағында өтті. Тазалық акциясына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған аудан активі, мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, дін өкілдері, белсенді азаматтар мен ерікті жастар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар — барлығы 600-ге жуық адам қатысты.

Шара барысында ұзындығы 21 шақырымға созылған Қарашық өзенінің бойы тазартылып, қоқыс қалдықтары жиналды. Сонымен қатар ретсіз өскен ағаш бұталары кесіліп, ағаш түптері әктелді. Жалпы тазалық жұмыстарына 20 дана техника жұмылдырылды.

Аудан әкімі тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңыздылығына тоқталды.

Айта кетейік, аудан аумағында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта ауылдық округтерде де осындай ауқымды экологиялық шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн» ерекше форматта өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛЫП, МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Арыста референдум күні қоғамдық көлік тегін болады

berdaly_oraz