Түркістан облысында жол қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастырып, оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу басты назарға алынған.

Жергілікті Полиция департаментінің жол және техникалық инспекция қызметкерлері әкімдік өкілдерімен бірлесіп, мектеп пен балабақша маңындағы жол белгілерін жаңарту жұмыстарына кірісті. Арнайы тексеру нәтижесінде көшелердегі жолақтар, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жарықтандыру жүйелері ретке келтірілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 70 дана «Абайлаңыз, балалар!» белгісі мен 40 жаңа жол белгісі орнатылды. Бұған қоса, 8 жаяу жүргінші жолағы жаңартылып, 20 мектеп маңы қосымша жарықпен қамтамасыз етілді.

Бұл шаралар «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүзеге асырылып отыр. Мақсат – жол бойында орын алатын қайғылы оқиғаларды болдырмау және қауіпсіз орта қалыптастыру.

Жолдағы әрбір белгі – баланың өмірі екенін ескерсек, бұл бастама алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттегі «Кәусар» кафесіндегі өрт оқшауланды: штаб құрылып, арнайы техника жұмылдырылды

berdaly_oraz

Сенатор Жанна Асанова Қазақстанда некеге мектеп жасынан бастап дайындық жүргізуді ұсынды

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 100-ден аса адам жүгіру марафонына қатысты

Пікір жазу