Арыста спорт шебері Еребаев Телғозы Ағабекұлын еске алуға арналған Республикалық турнир басталды

Бүгін Арыс қаласында КСРО-ның спорт шебері, Нигерия–Қазақстан кездесуінің жеңімпазы, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, Арыс қаласының Құрметті азаматы Еребаев Телғозы Ағабекұлын еске алуға арналған бокстан республикалық ашық турнирдің салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жарыстың ашылу рәсіміне Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, марқұмның жақын туыстары мен спорттағы достары және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында қатысушылар атына жылы лебіздер айтылып, Телгозы Арбақеұлының ел спортына сіңірген еңбегі ерекше аталды.

Бес күнге созылатын жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 2012-2013 жылы туған жасөспірім боксшылар қатысуда. Дода Арыс қалалық Спорт кешенінде өтуде.

Жарыстың жалпы ұйымдастыруын Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Арыс қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі үйлестіріп отыр.

Бәсеке IBA (Халықаралық бокс ассоциациясы) ережелеріне сай 30, 33, 35, 37, 40, 43, 46, 49, 52, 55 және 58 кг салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

20 сәуірге дейін жалғасатын дүбірлі додаға кіру тегін.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр

Берденовке жасалған қастандықтың артында 3,4 млрд теңге тұруы мүмкін

berdaly_oraz

Пікір жазу