Шымкентте сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды

Шымкент қалалық балалар ауруханасында алғаш рет 2,5 айлық сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Дәрігерлер орталық жүйке жүйесінде ақауы бар, иық пен мойын тұсындағы нерв өрімдері үзілген сәбиге 5 сағатқа созылған ота жасап, сәтті аяқтады. Бұл – елімізде сирек жасалатын ота түрі. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылған.

“Тексеру қорытындылары бойынша күрделі нейрохирургиялы ота жасадық. Ота микрохирургиялық әдіс арқылы микроскоп құрылғысының көмегімен жасалды. Барлығы сәтті өтті. Нәрестеде ешқандай асқынулар жоқ”,-дейді қалалық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері Таңсық Абдуллаев.

Шымкент қалалық балалар ауруханасы – еліміздегі ең ірі балаларға арналған емдеу орталықтарының бірі. Мұнда тәулігіне 500-ден астам бала жедел медициналық көмек алса, 450-ден аса бала стационарлық емдеуден өтеді. Барлық педиатриялық қызметтер бір жерге шоғырланған: амбулаторлық қабылдаудан бастап, консультациялық-диагностикалық және күрделі операцияларға дейін.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы аясында Түркістан облысы мен қытайлық инвесторлар арасында 7 мемерендум жасалды

Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

berdaly_oraz

Пікір жазу