Арыста тарихи саябақтар жаңғыруда

Арыста биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай халық жадындағы қасиетті орындар жаңаша кейіпке енуде, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қан майданда жанын пида еткен бабалар ерлігі ел жадында мәңгі сақталуы тиіс. Осы орайда қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тапсырмасымен қала орталығында орналасқан «Жеңіс» скверіне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін қала басшысы Қайсар Маңқараев бірнеше саябақты аралап, ондағы жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Атап айтқанда, «Жеңіс» скверіне биылғы жылы гранит тақталар толықтай жаңартылып, Жеңіс құрметіне қойылған стелла қайта әрленуде. Сонымен қатар, саябақтағы жарық шамдары түгел жаңартылып, түнгі көріністі айшықтайтын қосымша прожекторлар орнатылды. Қала әкімі аталған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қадағалап, сәуір айының соңына дейін толық бітіруді тапсырды.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы «Қасірет» мемориалына барып, мұнда да атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қазіргі таңда мемориал аумағында жарық шамдары қалпына келтіріліп, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар, жаңа газон төсеу жұмыстары басталып, олар толықтай автоматты суару жүйесіне қосылатын болады.

Сондай-ақ, қала әкімі «Батырлар аллеясы» аумағын да аралап көрді. Халықтың тынығуына арналған бұл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда. Қайсар Маңқараев аллея аумағында тұрғындардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер 101 жастағы ардагердің жағдайын тексерді

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қағып кетті

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 100-ден аса адам жүгіру марафонына қатысты

Пікір жазу