Шерзат Полат ісі: Марқұмның әжесі сотталушылардың бірін кешірді

Шымкентте өтіп жатқан Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысында марқұмның әжесі Жұмабике Кадирова куәлік берді. Ол өз сөзінде сотталушылардың бірі – 16 жастағы жасөспірімді кешіретінін мәлімдеді.

Әженің айтуынша, марқұмның әкесі Серік Қаржаубай да: «16 жасар баланы кешірейік, оның өмірін құртамыз» деген ойын жеткізген. Жұмабике Кадирова сотта бәрін Аллаға аманаттап, кешірім бергенін айтты.

– Мен бәрін кешірдім. Оларды Алланың үкіміне тапсырамын, – деді марқұмның әжесі.

Бұл мәлімдеме қоғам назарын аударған іс бойынша маңызды бетбұрыс болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Мексика құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Redaktor Arysinfo

Түркістанда Еуропаға тауар тасымалдайтын логистикалық орталық ашу мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты