Шерзат Полат ісі: «Абзал Шынасыл мені итеріп құлатты» – марқұмның әжесі сотта жауап берді

18 сәуір күні Шымкентте Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Сот процесінде марқұмның әжесі Жұмабике Кадирова куәлік берді. Оның айтуынша, сотталушылар қылмыс жасаймыз деген ниетпен үш көлікпен әдейі келген.

– Балалардың қолында пышақ болатынын білгенімде, бірден жедел-жәрдем мен полиция шақыратын едім, – деді Кадирова. – Жолды кесіп өте бергенімде, бір топ бала алдымнан жүгіріп өтті. «Тоқтаңдар!» деп айқайладым. Сол сәтте көк киімдегі Абзал мені итеріп жіберіп, жерге құладым. Нұрқанаттың ажалына да осылар себеп болды. Орнымнан тұра алмай қалдым. Қарасам, барғандардың бәрі Шерзатты ұрып жатыр екен, – деді ол.

Жәбірленуші жақтың айтуынша, Шерзат құлағанға дейін оған көмекке келмек болған Нұрқанат пен келіні де жақындай алмаған.

Кадирова бұл топтың әрекетін әдейі жоспарланған қастандық деп бағалап, бұл – кездейсоқтық емес, қасақана жасалған әрекет екенін алға тартты.

Ұқсас жаңалықтар

Құрғақ маусым: қай өңірлерге қауіп төніп тұр?

Redaktor Arysinfo

ТҮРКЕСТАНДА БАЗАРЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Redaktor Arysinfo

ДРОППЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР 10 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo