«Оқыған азамат»: Руслан Берденовты атқан күдікті кім?

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы қала әкімінің 40 жастағы орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі денсаулығы туралы ресми ақпарат таратты, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кеше, 21 сәуір күні кешке жақын күдікті Руслан Берденовтың 3 жерінен оқ атқан.

Оған оқ атқан күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Шабуыл жасаған адамның аты-жөні — Ернар Жиенбай. Күдіктінің бұрынғы сыныптастары мен таныстарының айтуынша, ол Шымкент қаласындағы №50 мектепте оқыды, бірақ бұл мектепке тек 11-сыныпта келген. Отбасының құқық қорғау органдарында таныстары бар деген дерек бар. Әкесі прокуратурада жұмыс істеген деген мәлімет те шықты.

2024 жылы Жиенбай «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болып тағайындалған. Бұл ұйым мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Жасыл белдеу» жайқалып келеді

«1,3 миллионға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда»Түркістан облысында көгалдандыру жұмыстары қарқын алады

berdaly_oraz

Түркістан облысында 100-ден астам суару каналы жөнделмек