«Еңбекті қорғау жүйесіндегі түйінді тенденциялар мен негізгі перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Қожабекова аудан аумағындағы өндіріс орындары өкілдерінің қатысуымен «Еңбекті қорғау жүйесіндегі түйінді тенденциялар мен негізгі перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізіп отырды. Шара барысында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Наталья Сұңғатқызы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамаға тоқталып, қоғамдағы азаматтардың құқықтарын сақтау мен қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

Сондай-ақ «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы, Созақ аудандық филиалының төрағасы Мыңжасар Асқаров Еңбек кодексінде көрсетілген азаматтардың құқықтары жайында сөз қозғады.

Жиынға қатысқан өндіріс орындары өкілдері өз кезегінде адам құқықтарын сақтау бойынша атқарылып жатқан профилактикалық шаралар туралы айтып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәжірибелерімен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс ауданы: Шағырлықтар ауыр жүк көліктерінің ауыл ішінен өтуіне қарсы

berdaly_oraz

Руслан Берденовке жасалған қастандық: 10 патронмен қаруланып келген күдікті кек алуды көздеген бе?!

berdaly_oraz

Түркістан қаласындағы Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында “Діни радикализмнің алдын алу жолдары” тақырыбында маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz