5 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды

Түркістан облысы Кентау қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға, түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтауға және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кентаулық полицейлер «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш тәулігінде ішкі істер органдарына 72 кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жеткізді. Оның ішінде 5 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында атап айтқанда: кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі міндеттерді орындамаудың — 7 кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру бойынша — 3 және кәмелетке толмағандар тарапынан бұзақылық жасаудың — 4 фактісі анықталды.

Рейд барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, оларды құқықтық сауаттылыққа баулу және тәртіпке шақыру бағытында кешенді жұмыстарды жүргізуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы: Тексеруді өзі жүргізетін органның басшысы Ғалымжан Тапеев тексерудің өзіне ілікті

berdaly_oraz

Түркістан облысында 112 шақырым канал тазаланды

Альфия Адамбек

Оқушылардың көктемгі демалысы неше күнге созылады?

berdaly_oraz

Пікір жазу