Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кросс-кантри эстафеталық жарысында күміс жүлдеге ие болды.

Еліміздің намысын қорғаған құрамда Шымкент қаласындағы №2 жеңіл атлетика және велоспорттан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Виолетта Казакова мен Алексей Фефелов та бар.

Қазақстан командасы құрамында Богдан Лухманов, Алексей Фефелов, Денис Сергиенко, Виолетта Казакова, Юлия Ли және Алина Карасева өнер көрсетті. Бұл бәсекеде алтын жүлдені Қытай құрамасы жеңіп алса, қола жүлде Үндістан командасына бұйырды.

Материктік деңгейдегі дода 27 сәуірге дейін жалғасады. Биылғы чемпионатқа 20 елден 160-тан астам спортшы қатысып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының шаруаларына жеңілдетілген бағамен дизель отыны бөлінді

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Жетісайда машина техникалық станциясы ашылды

New York Times: Трамп АҚШ-тың сыртқы саясатына күрт өзгеріс жасап,Ресейді әріптес ретінде қарастыруда«Ұят екен»

berdaly_oraz

Пікір жазу