«Осы тілде сөйле деп мәжбүрлемеу керек». Президент арандатушыларға ескерту жасады

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында тіл мәселесін саяси құралға айналдырып, қоғамда алауыздық тудырғысы келетіндерге қатаң ескерту жасады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

«Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады. Бұл ретте үй ішіндегі ғана емес, шетелде отырып әлдебір ұйымдардың ақшасы мен тапсырмасына деструктивті әрекетпен айналысатын арандатушылар туралы да айтып отырмыз», – деді Президент.

Ол азаматтар бір-бірін қандай да бір тілде сөйлеуге мәжбүрлемеуі керек екенін де атап өтті.

Сондай-ақ Тоқаев мемлекеттік тілдің қолданысы артып келе жатқанын айтты. Бүгінде түлектердің 80%-ға жуығы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады, ал биыл мектепке алғаш рет баратын оқушылардың 70%-дан астамы қазақ тілінде білім алады.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 1000 түр гүл және ағаш егілді

Өңір жаңалығы: Шардара ауданының құрылғанына — 60 жыл

Қоғам қауіпсіздігі: Пробацияның мүмкіндігі мен міндеті

berdaly_oraz

Пікір жазу