Келес тұрғыны ашқан цехта күніне 500-ге жуық шұлық шығады

Келес ауданы, Ұшқын ауылының тұрғыны әрі кәсіпкер Гүлзахира Жолдасова үйінің бір бөлмесін шағын цехқа айналдырып, тәулігіне 450 жұп шұлық шығарып келеді. Өнімдерін «NurTextile» атымен ауылдың өз брендіне айналдырып үлгерген, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бұл кәсіпке жолдасы Өзбекстанға арнайы барып, оқып келгеннен кейін бет бұрған. Қазір шұлықтар аудан орталығындағы дүкендер мен базарларға жөнелтілуде. Шұлықтың бір данасы 250 теңгеден сатылымға шығады.

«Бастапқыда аздап қорқыныш болды. Бірақ тәуекел еттік. Қазір күн сайын тапсырыс қабылдаймыз. Жабдықтарды да өз қаражатымызға алдық. Шұлықтар сапалы әрі сұранысқа сай. Бұл шағын өндіріс – табыс көзі ғана емес, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың бір жолы. Егер мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетілсе, өндірісті кеңейтіп, жұмысшылар санын арттыруға мүмкіндік туар еді» , дейді кәсіпкер.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҒАЛАДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облысында жол құрылысына неміс технологиясы енгізілуі мүмкін

berdaly_oraz

Қазақстанның Еуропа кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуы Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады