Арыста кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Арыс қаласында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков төрағалық етіп, оған комиссия мүшелері, білім беру мекемелерінің басшылары мен сала мамандары қатысты.

Күн тәртібіне «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестері мен ата-аналар комитеттерінің қызметі және атқарылған жұмыстары» тақырыбы шығарылып, осы бағыттағы жұмыстар бойынша Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі, Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі және №17 колледж өкілдері баяндама жасады.

Баяндамаларда оқу орындарында оқушылардың құқықтарын қорғау, тәрбие беру ортасын жақсарту, әлеуметтік қолдау көрсету секілді маңызды мәселелер қамтылды. Комиссия мүшелері баяндамашыларға нақты сұрақтар қойып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-аналармен байланысты нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ұсыныстарын білдірді.

Комиссия төрағасының орынбасары Әшімхан Момбеков отырысты қорытындылай келе, барлық ұсыныстарды нақты іс-шаралар жоспарына енгізу керектігін атап өтті.

Бұл басқосу балалардың құқықтарын сақтау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық банк алтын сатуды уақытша тоқтатты

berdaly_oraz

Арыс қаласындағы мемлекеттік мекемелерге қоғамдық бақылау жүргізілді

Түркістан облысында дүбірлі көкпар ойыны өтті

Пікір жазу