Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылып, тұрғындарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер берілді. Іс-шара барысында азаматтар жер қатынастары, тұрғын үй кезегі, тұрғын үйді жекешелендіру, жол және инфрақұрылым мәселелері жөнінде білікті мамандардан кеңес алды.

Тұрғындар құқық қорғау органдарының өкілдеріне, адвокаттар мен заң консультанттарына жүгініп, еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістік жарақат жағдайлары және жалақы қарыздары бойынша маңызды ақпараттарға қол жеткізді.

Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және сапалы заң көмегін қолжетімді ету. Қатысушылар еліміздің үздік заңгерлерінен, оның ішінде прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушылардан, адвокаттар мен нотариустардан тегін кеңес алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша жалпы саны 130 азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде 7 сәуірден бастап көлікті сақтандыру бағасы жаңа ережемен есептеледі

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРЕТІН ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

berdaly_oraz

Түркістанда жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталып, азық-түлік бағасының тұрақтылығы зерделенді