Түркістандық ескекшілер Тайландта өтетін Азия чемпионатына жолдама алды

Сәуірдің 22-сі мен 26-сы аралығында Шымкенттегі «Бадам» су қоймасында байдарка мен каноэде есуден жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жарысқа еліміздің 11 аймағынан  2007-2008 жылы туған 112 спортшы қатысты. Түркістан облысының намысын 16 ескекші қорғады.

Түркістан  облыстық су спорт түрлері мектебінің спортшылары бағдарламаның түрлері бойынша 10 жүлде, оның ішінде 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль еншіледі.

Атап айтқанда,  Руслан Федотов 1000 метр қашықтықта бірлік каноэден алтын жүлде еншілеп,  Азия чемпионатына жолдама алды. Дәулет Шалдар мен Руслан Федотов 500 метр қашықтықта төрттік каноэда жүзуден облыс қоржынына тағы екі алтын әкелді. Зоя Прядка

төрттік байдаркада 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алды. Сонымен бірге  байдарка бірлік пен байдарка екілікте 5000 және 500 метр қашықтықта екі қола медаль жеңіп алды.

Ол 12-16 маусым аралығында Паттайяда (Тайланд) өтетін Азия чемпионатына қатысатын болды.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Келесте білім бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда

Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және ішкі талдау жұмыстарын жандандыру жолдары талқыланды