«Шерзатты денеммен жаптым»: Сотта марқұм Нұрқанаттың соңғы жауабы жария етілді

Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысында мемлекеттік айыптаушы марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың бұған дейін берген жауаптарын жария етті.

Сотта оқылған мәліметте Нұрқанат Ғайыпбаев қайғылы түнде Шерзат Полатты барынша қорғауға тырысқанын айтқан. Оның сөзінше, Шерзаттың пышақталғанын көрген соң төбелесті тоқтатуға және дереу жедел жәрдем шақыруға тырысқан.

«Нұрқанат аға, маған мыналар бірдеңе тығып алды» деп үш рет айғайлады. Мен жігіттерден қашып, жүгіріп барып, Шерзатты құшақтадым. Жейдесін ашып қарағанымда, сол жақ арқасына пышақ кіргенін көрдім. Жарақатты алақаныммен бастым. Сол жерде: «Жігіттер, тоқтаңдаршы, жедел жәрдем шақырыңдаршы!» деп айғайладым», – дейді марқұм.

Ғайыпбаевтың айтуынша, бұл кезде олардың жанына шамамен сегіз адам жиналған. Қараңғы болғандықтан нақты кім екенін айыра алмаған.

«Шерзатты құшақтап, денеммен жауып қорғауға тырыстым. Бірақ жігіттер жабылып ұрып, екеуміздің ортамызды аша алмай жатты. Сол сәтте Абзал оң жақ жамбасыма пышақ сұқты. Шыдауға тырыстым. Кейін Нұрқияс тағы бір мәрте пышақтады. Артынша Абзал үшінші рет жаралады. Осы кезде біреу басымнан аяқпен тепті. Оң жақ құлағымның артына темір сияқты қатты затпен ұрды», – деп еске алған Нұрқанат.

Марқұм ауыр соққылардан кейін есін жоғалта бастағанын, Шерзатты еріксіз жіберіп алғанын айтады. Соңғы көрген сәті — жеңгесі Гүлбараның келіп, Шерзатты қоршап алғаны болған. Кейін есін ауруханада жиған.

Қазіргі уақытта Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрали Әлиев «Транстелеком» басшылығынан кетті

berdaly_oraz

Өңір жаңалықтары: Ордабасылықтар Қажымұқан Мұңайтпасұлының 154 жылдығын атап өтті

Зейнетақы қорының ақшасы қайда кетті? Қаржы мамандары түсіндірді

berdaly_oraz

Пікір жазу