Арыс әкімі Қайсар Маңқараев жайлы мектеп құрылысын көріп қайтты

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев Тараз тұрғын ауданында салынып жатқан жаңа білім ұясының құрылысымен танысты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген нысан 600 оқушыға арналған.

Жобаға сәйкес, мектепте екі спорт залы, кең акт залы, заманауи асхана, коворкинг-кеңістік, кітапхана, мәжіліс бөлмелері, пән кабинеттері мен арнайы шеберханалар қарастырылған. Сондай-ақ, оқушылар үшін сыртқы футбол алаңы да салынуда.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Жоспар бойынша мектеп жаңа оқу жылы басталғанда пайдалануға беріледі.

Қала әкімі нысанның сапасына айрықша мән беріп, мердігер компанияға жұмысты белгіленген мерзімде әрі мінсіз аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, болашақ шәкірттер мен ұстаздар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын қадап айтты.

Жаңа мектептің ашылуы тек білім сапасын арттырып қана қоймай, Тараз тұрғын ауданының әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына да серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Президент: Конституциялық реформалар ел дамуын жаңа сапалы деңгейге шығарады

berdaly_oraz

Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістандағы «Этноауыл» кешенін аралады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

berdaly_oraz