ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында тазалық шарасын өткізді.

Игі шара барысында Райымбек Сейтметов есімі берілген көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылар бұл бастама арқылы қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін насихаттап, мәдениет қайраткерлеріне құрмет көрсетуді мақсат еткендерін атап өтті.

Акцияға театр ұжымы, университеттің «Өнер, медиа және дизайн» факультетінің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Қатысушылар көше аумағын тазалап, қоғамдық орындардың тазалығын сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар туған жерге жанашырлық танытып, қала тазалығына ортақ жауапкершілікпен қарауға үндейді. Сонымен қатар тұрғындарды киелі Түркістан қаласының тазалығын сақтауға және өңірдің көркеюіне үлес қосуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІ ЖАҚСЫ ІСТЕРГЕ БАСТАЙТЫН «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz