Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістандағы «Этноауыл» кешенін аралады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы аумағында орналасқан ұлттық-мәдени «Этноауыл» кешеніне барды.

Шығыс базарын аралау барысында мәртебелі меймандарға дәнді дақылдардың түрлері таныстырылды. Сондай-ақ олар ұлттық тағамдар мен ағаш өңдеу, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау секілді дәстүрлі қолөнер туындыларымен танысты.

Қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптейтін театрландырылған қойылым ұсынылып, тазы иттер мен қыран құстардың көрсетілімі ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 16 ЖАҒАЖАЙ ЖҰМЫС ІСТЕДІ

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімі Келес ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

Арыста «Көктем–2026» оқу-жаттығуы өтеді

berdaly_oraz